Еуропалық футбол аренасында Қазақстан үшін нағыз тарихи әрі қаржылық сенсация орын алды. Артта қалған 2025/2026 жылғы Еурокубок маусымының алдын ала есептелген қорытындысы бойынша, Қазақстан УЕФА-ға мүше елдердің арасында ең көп табыс тапқан мемлекеттердің үздік жиырма бестігіне енді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Еурокубоктардың негізгі кезеңдерінде (жалпы кезеңде) еліміздің намысын жалғыз өзі қорғаған алматылық “Қайрат” клубы бұл маусымда феноменалды табысқа кенелді. Клуб көрсеткен нәтижелері мен УЕФА тарапынан берілетін сыйақылардың арқасында нақ 21,2 миллион еуро (шамамен 10,5 миллиард теңгеден астам) таза табыс тапқан.
Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан УЕФА-ға мүше 39 елдің ішінде қаржылық рейтингте 21-орынға табан тіреді. Бұл — көптеген Еуропалық дамыған футбол елдерін артқа тастаған үлкен жетістік.
Рейтингтің көш басында Еурокубоктарға ең көп команда қосқан алпауыт мемлекеттер тұр. Қаржылық бәсекенің алғашқы бестігі мынадай:
1. Англия (9 клуб): 676,0 миллион еуро
2. Испания (8 клуб): 446,2 миллион еуро
3. Германия (7 клуб): 386,8 миллион еуро
4. Италия (7 клуб): 315,7 миллион еуро
5. Франция (7 клуб): 310,7 миллион еуро
... 21. Қазақстан (1-ақ клуб): 21,2 миллион еуро
Осы маусымдағы сәттіліктен кейін, алдағы жаңа Еурокубок маусымында Қазақстанның намысын бірден төрт бірдей ұжым қорғайтын болады.
– “Қайрат” — Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі
– “Астана”, “Тобыл”, “Елімай” — Конференция лигасының іріктеу кезеңі
Егер алдағы маусымда төрт клубтың бірнешеуі негізгі кезеңге жолдама алып жатса, Қазақстанның табысы екі-үш есеге артып, топ 15 елдің қатарына кіруі де әбден мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET