Өскемендік “Алтай” сырт алаңда “Хан-Тәңірі” командасынан басым түсе алмады.
Бірінші лиганың бесінші туры аясында өткен кездесудің жалғыз голын “Хан-Тәңірі” ойыншысы Диас Қалыбаев соқты. Ол ойынның 21 минутында ерекшеленді.
Бұған дейін “Алтай” “Қайратқа 2” 0:1, “Каспиге” 1:4, “Арысқа” 1:0 және “Таразға” 3:1 есебімен есе жіберді.
Бес турдың қорытындысы бойынша өскемендік ұжым бірде-бір ұпай жинай алмай турнирлік кестеде соңғы орында келеді.
Келесі кездесуін Серікбол Қапанов бастаған футболшылар 9 мамыр күні сырт алаңда “Оқжетпеске” қарсы өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET