Премьер лигаға жолдама алған Өскеменнің "Алтай" футбол клубы аймақтағы спорт инфрақұрылымын дамыту үдерісін жылдамдатты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Команданың элиталық дивизионға өтуі жаңа арена салу қажеттігін нақтылай түсті.
sportarena.kz сайтының мәліметінше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов болашақ стадионның УЕФА-ның 3-санат талаптарына сай болатынын айтты. Бұл санаттағы арена халықаралық деңгейдегі матчтарды, соның ішінде Еурокубок ойындарын өткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша Өскеменде заманауи талаптарға толық жауап беретін ірі спорттық нысан бой көтермек.
Біздің серіктес: FONBET