Жарнама
Жарнама

"Алтай" премьер-лигадан аластатылды.

04.02.2017, 01:44
Жарнама
Жарнама
Алтайлықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Шығыс Қазақстан облысында "Спартак" пен "Востоктың" орнына құрылған "Алтай" футбол клубы өткен маусымның аяғында өтпелі матчта "Таразды" талқандап ҚПЛ-да бақ сынауға мүмкіндік алған еді. Бірақ, бүгін белгілі болғандай "Алтай" келесі маусымда еліміздің жоғарғы лигасында өнер көрсете алмайды. Себебі, кейбір талаптарға сәйкес келмейді. Атап айтар болсақ, "Алтайдың" Екінші лигаға қатысатын жастар командасы жоқ. Аймақтық федерация футболына мүшелігі үш жылға жетпепті. Сондықтан, осы талаптарға толықтай жауап беретін "Тараз" футбол клубын ҚПЛ-ға қайтару туралы шешім қабылданды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров