Вахид Масудов жаттықтыратын «Алтай» Бірінші лигада кезекті үш ұпайын олжалады.
Өскемендік ұжым бұл жолы сырт алаңда «Түркістанды» тұқыртқан 0:3. Бірінші таймда Ислам Жанұзақов қонақтарды алға шығарса 43-минут, Ибрагим Дадаев 55-минутта пенальтиден есепті еселей түскен. Ал матчтың нүктесін Әділет Омарбек қойды - 87-минут 0:3. Бұл жартылай қорғаушының бесінші добы (7 матчта). 26 жасар футболшы өз командасының үздік голеадоры әрі Бірінші лигадағы сұрмергендер қатарында келеді.
«Алтай» 7 турдан кейін 14 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан. Келесі турда өскемендік ұжым 28-мамырда «Шахтерді» қабылдайды. Қарағандылық клуб турнирлік кестеде 17 ұпаймен екінші орында тұр. Көшбасында ақтаулық «Каспий».
Біздің серіктес: FONBET