Жарнама
Жарнама

Алты саусақты қаһарман

02.07.2014, 01:34
Жарнама
Жарнама
Жақсы қақпашы-жарты команда. Иә, бұл теңеудің кейде іске асатын кездері де болады, керісінше де болады. Әрине, Мексика кезекті рет, қатарынан 7-ші әлем чемпионатында 1/8 финалдан аса алмауда. Егер, мексикалықтар сапындағы Голландиямен болған ойындағы жеңілісте, қай футболшының кінәсі жоқ деп сұраса, Гилермо Очоаны атауға әбден болады. Құтқаратын жерде құтқарды, Керек десеңіз Очоаның "сэйвтері" болмағанда, Мексика 88-ші минутқа дейін қақпасын аман сақтап қала алмас та еді. Снэйдердің орындауындағы соққы адам қайтаратын соққы емес, ал Хунтелардың пенальтиі.. Пенальти-ол пенальти. Топтық турнирде Очоа 3 ойынды да сенімді өткізді. Камерун құрамасынан жіберілген гол. Ол да, Мексика босаңсыған сәтте. Очоаның бойындағы тағы бір қасиет ол ойындағы тұрақтылығы. Футболда, алаңдағы позициялардың ішіндегі, ең тұрақты ойын өрнегін қажет ететін өткір шептегі шабуылшы мен қақпашы позициясы. Қақпашылардың тұрақты ойын өрнегін көрсетуі өте қиын. Кешегі Нигерияның бірінші нөмірі Эньема, жақсы-ақ қақпашы, Бірақ көңіл-күйі көтеріңкі болған кезде ғана ұшқан допқа оңды-солды секіреді. Кешегі ойын сонын дәлелі. Команданы құтқарып келіп, ақыр аяғында өзі жерледі. Ал, Очоа топтық турнирдегі Бразилиядан бір ұпайды жалғыз өзі тартып алды десек де болады. Очоаның таңғажайып реакциясы Неймардың есіңде біразға дейін қалатыны белгілі. Очоа үлкен футболға 18 жасында қадам басқан. Мексикадағы ең белді клуб-"Америка" сапында. Өзінің мықты екенін, деңгейі жергілікті футболдан асып кеткенін біле тұра, ол ешқашан Еуропаға асыққан емес. Жанкүйерлердің арасында, "Очоа алты саусақы екен, сондықтан ол кәрі құрлыққа бармайды-мыс, ал Еуропадағы ешқандай команданың қызығушылық танытпауы да осыған байланысты екен"- деп, өздерінше жағдайды түсіндіруге тырысқан. Әрине, Еуропадағы командалар қызығушылық танытпапты дегендері жәй өсек қана, ал Очоаның елден ерекше, алты саусақты болып туылғаны, ол-шындық. Мексикалық қақпашыға "Бавария", "Арсенал", "Манчестер Юнайтед" секілді алпауыттардың скауттары қызығушылық танытқан болатын. Сонау, Германияда өткен әлем біріншілігінен кейін. Ал, Очоа Еуропаға бар болғаны, 3 бұрын келеді. Онда да алпауыттардың қатарын толықтыру үшін емес, Францияда бірінші лига мен екінші лига арасында ұшып-қонып жүретін Аяччо командасына. Бірақ, қырсық шалғандай қаһарманымыз сол жылы допинг-жанжалға іліккен-тұғын. Мексика ұлттық құрамасының 4 ойыншысымен бірге. Организмнен кленбутерол атты, тыйым салынған препарат табылады. Дау-жанжалға ұласқан бұл бәледен Мексика футбол федерациясы аяқдопшыларды ақтап шығады. Түптеп келгенде футболшылар кінәлі емес деп танылды. Арнайы құрылған комиссияның арқасында, мал шаруашылығымен айналысатын кейбір шаруалар, малды семірту үшін осы дәріні берген екен, соны дәлелдеп шықты. Ал, бұл дәрі сол сиыр еті арқылы, футболшылар организмінде пайда болған. Ақталып шыққан Очоа, 1-2 маусым Францияның Бірінші лигасында ең мықты қақпашылардың біріне айналады. "Лион", "ПСЖ" секілді командалардың сапында емес, маусымның басынан аяғына дейін бірінші лигада орнын сақтап қалу үшін күресетін Аяччо сапында. Ал, Бразилияда Гильермо ешқандай клубқа тиесілі емес футболшы ретінде қатысады. Әрине, енді талай-талай мықты командалар 28-жасар қақпашының басын шыр айналдырары түсінікті. "Ливерпуль", "Барселона", "Арсеналдар" қызығушылық танытса да, Гильермоның арманы Францияда қалып, "Марсель" қақпасын қорғау.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров