Жарнама
Жарнама

“Алтын доп” айналасында дау…. Усман Дембеле күтпеген жанжалға тап болды

16.09.2025, 08:00

Еуропада футбол жанкүйерлері "Алтын доп" марапатына қатысты шуға назар аударуда. "ПСЖ" жұлдызы Усман Дембеле күтпеген жанжалдың ортасында қалды.

Жарнама
Жарнама

Бәрі журналист Нил Гарднерге келген хаттан басталды. Хаттың тақырыбы "Құпия әріптестік мүмкіндігі” деп аталып, онда әлеуметтік желілерде Дембелені "Алтын допқа” басты үміткер ретінде алға шығаратын жарнамалық науқан ұйымдастыру ұсынылған.

Кейінірек маркетингтік агенттіктің негізін қалаушы бұл хатты 18 жастағы тәжірибеден өтуші жігіт өз бетімен жібергенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл тек "оқу мақсатындағы қызығушылық" болған. Жас журналистен Дембеленің өзінен кешірім сұрады.

Футболшының өкілдері бұл іске Дембеленің еш қатысы жоқ екенін кесіп айтты.

Goal порталы бұл оқиғаға күмәнмен қарап:

"Біріншіден, мұндай әлеуметтік науқандар дауыс беру қорытындысына әсер ете алмайды. Екіншіден, дауыс беру әлдеқашан аяқталған." – деп жазды.

Айта кетейік, "Алтын доп” марапатын табыстау рәсімі 22 қыркүйекте өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров