Жылдың үздік жаттықтырушылар тізімінде де үш үміткер – Испания құрамасының бас бапкері Висенте Дель Боске, 2008 жылдан бері «Барселонаның» тізгінін ұстаған Пеп Гвардиола және үстіміздегі жылыдың мамыр айында «Интермен» Чемпиондар Лигасын жеңген, биылғы маусымнан бастап мадридтік «Реалды» жаттықтырып жүрген Жозе Моуриньо.
Қыздар арасында «Әлемнің үздік нәзік жанды футболшысы» болуға үміткер, үштікке Бригита Принц және Фатмира Байрамай, ал үшінші үміткер, бұл атақты төрт рет қатарынан жеңіп алған бразилиялық Марта ханым.
ФИФАжәне «France Football» журналы бірінші рет бірігіп, үздік оыншыны және барлық номинация бойынша үздіктерді 10 қаңтар күні Австрияның Цюрих қаласында салтанатты түрде марапаттайды.Біздің серіктес: FONBET