Футбол тарихында аты аңызға айналған талай ойыншы бар, бірақ олардың кейбірі ешқашан "Алтын доп" жүлдесін иеленген жоқ. Бұл тізімге Неймар, Килиан Мбаппе, Роберт Левандовски, Тьерри Анри, Деннис Бергкамп, Андрес Иньеста, Дэвид Бекхэм, Эрлинг Хааланд секілді алыптар кіреді.
1956 жылдан бері табысталып келе жатқан бұл марапат алғашында тек Еуропалық ойыншыларға ғана берілетін. Кейіннен ол бүкіл әлем футболшылары үшін ашық жүлдеге айналды.
Уақыт өте келе Зинедин Зидан, Роналдиньо, Роналдо секілді жұлдыздар бұл сыйлықты қанжығасына байлады. 2008 жылдан бастап футбол әлемі Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың он жылдық үстемдігін тамашалады, бұл кезеңде басқа ешкімнің чемпион атануына мүмкіндік болмады.
Алайда осы уақыт ішінде керемет мансабы болып, ондаған атаққа қол жеткізген бірқатар ойыншылардың есімі "Алтын доп" иегерлері қатарынан табылмады.
Аладоп тұжырымдамасы бойынша “Алтын доп” иелену бақыты бұйырмағар ең үздік футболшылар мыналар:
Деннис Бергкамп
1990-жылдардың ең үздік шабуылшыларының бірі. "Арсенал" оны 1995 жылы 7,5 млн фунтқа "Интерден” сатып алып, өте дұрыс шешім қабылдады. Ол "Арсеналмен" үш мәрте Премьер лига жеңіп, 2003/04 жылғы "Invincibles” маусымының қаһармандарының бірі атанды.
Нидерланд сапында да 1998 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина қақпасына соққан голы тарихта қалды. Бірақ "Алтын доптағы” ең жоғары көрсеткіші 1992 жылы үшінші, 1993 жылы екінші орын.
Тьерри Анри
Премьер лиганың ең үздік ойыншыларының бірі. 1999 жылы "Арсеналға" келіп, Еуропадағы ең қауіпті шабуылшылардың біріне айналды. Ол 20 гол және 20 пас көрсеткішіне бір маусымда қол жеткізген алғашқы ойыншы (кейін тек Месси қайталады).
377 матчта 228 гол соғып, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бірақ "Алтын доп” оған да бұйырмады, ең жоғарысы екі рет үздік үштікке кіргені.
Неймар
Бразилия тарихындағы ең көп гол соққан футболшы. Ол үш клубта "Сантос", "Барселона” және "ПСЖ” сапында 100-ден астам гол соққан санаулы ойыншылардың бірі. 2017 жылы "ПСЖ” оны рекордтық 200 млн фунтқа сатып алды, алайда бұл да "Алтын доп” алуға жеткіліксіз болды.
Килиан Мбаппе
2018 жылы Франция сапында әлем чемпионы атанып, финалда гол соғып, Пеленің ізін басты. "ПСЖ"-да алты маусым қатарынан үздік сұрмерген атанды, ал "Реал Мадридке” келген соң алғашқы маусымында клуб рекордын жаңартты. Бірақ "Алтын доп" әлі жоқ.
Роберт Левандовски
2020 жылғы "Алтын доптың” ең басты үміткері еді. Алайда пандемияға байланысты марапаттау тоқтатылды. Ол маусымда 55 гол соғып, "Баварияға” барлық турнирде жеңіс сыйлаған болатын. 2021 жылы екінші орын алды, бұл оның марапатқа ең жақын келген сәті еді.
Эрлинг Холанд
Қазіргі футболдың ең үздік тоғыздығы. "Манчестер Сити" сапында АПЛ-дың бір маусымдағы гол рекордын жаңартты. Чемпиондар лигасында небәрі 49 ойында 50 гол соғып, тарихтағы ең жылдам көрсеткішке қол жеткізді. Ол қазірдің өзінде "Алтын доптың" күміс жүлдегері, алдағы жылдары бұл трофейді жеңіп алуы әбден мүмкін.
Андрес Иньеста
"Барселона" тарихындағы ең ұлы жартылай қорғаушылардың бірі. 16 жыл ішінде 32 трофей жеңіп алды, оның ішінде 4 Чемпиондар лигасы мен 9 Ла Лига. Испания сапында 2010 жылғы әлем чемпионатының финалында жеңіс голын соғып, тарихқа енді. 2010 жылы "Алтын допта" екінші орын алды, бірақ жеңімпаз Месси болды.
Біздің серіктес: FONBET