Жарнама
Жарнама

Алып командаға ауысуы мүмкін футболшылар тізімі. 2-ші бөлім

21.05.2015, 04:40
Жарнама
Жарнама
"Аладоп" сайты жазда команда ауыстыруы мүмкін футболшылар жайлы мақаланың екінші бөлімін назарларынызға ұсынады.  5. Пауло Дибала Жасы: 21 Клуб: "Палермо" Позиция: шабуылшы Ауысуы мүмкін: "Милан", "Ювентус" Маусымдағы нәтижесі: 13(гол)+12(нәтижелі пас) Италияда тағы бір талантты шабуылшы өсіп келеді. Палермоның шабуылын шебіне жауап беріп жүрген Дибаланы "Ювентус" та, "Интер" да өз сапында көргісі келеді. Ресми расталмаса да Пауло Дибала жаздан бастап "Ювентус" футболшысы атанады деген ақпараттар тарап кетті. Төленетін ақша 28 миллион еуро, футболшының жылдық жалақысы 2,2 миллион. 4. Харри Кейн Жасы: 21 Клуб: "Тоттенхэм" Позиция: шабуылшы Ауысуы мүмкін: "Манчестер Юнайтед" Маусымдағы нәтижесі: 31+6 Өткен маусымда ғана қосалқы құрамда отырған Кейн, әр ойында Почеттино берген аз ғана уақыт ішінде өзің көрсете біліп, осы маусымда Сольдадо мен Адебайордың көлеңкесінен сытылып шығып, "Уайт Харт Лэйнның" сүйіктісіне айналды. Егер де, лондондық клуб шабуылшыны қазір сатса да, 35-40 миллион табыс көреді. Тағы бір таңғалатын жайт, осы уақытқа дейін АПЛ-да 20 гол соғып үлгерген Харри, алғаш рет алаңға негізгі құрамда қарашаның басында ғана шығыпты. Содан бері голды оңды-солды соғып жүр. Маусымдағы ең есте қалар сәттері тура 1-ші қаңтардағы "Челсидің" Жозе мен оның шәкірттерін жаңа жылдық "сый" жасап қақпасына салған қос гол салуы, Солтүстік Лондон дербиіндегі "Арсеналға" қарсы ойында дублімен командасына жеңіс әкелуі. Дегенмен, соңғы ойындарда Кейннің ойынында үнсіздік байқалуда. Соңғы жеті кездесуде 1 мәрте ғана таблоға атын жазыпты. Бәлкім, жас футболшының маусым аяғындағы шаршауы да болар. Футболшыға "Манчестер Юнайтед" қызығып отыр. Былтырдан бері Руниді жартылай қорғаныста қолдану үрдіске айналды. Ван Персидің "Манчестер" сапында бар-жоғы білінбейді. Шабуылға нүкте қоюдан алдына жан салмайды деген Фалькао, "Челсидің" қорғаушысы Ивановичтен аз гол салыпты. Қысқасы, "қызыл сойқандардың" қарсыласың соятын шабуылшыға жарымай жүргені рас-ақ. Қызығушылығы орынды. Дегенмен, Кейнді әлі де кем дегенде бір жыл сынау керек секілді. Футболшының нағыз шеберлігі бір жылмен емес, тұрақты жоғарғы деңгейде өткізген бірнеше маусыммен сыналары белгілі. 3. Матс Хуммельс Жасы: 26 Клуб: "Боруссия Дортмунд" Позиция: орталық қорғаушы Ауысуы мүмкін: "Реал Мадрид", "Манчестер Юнайтед" Маусымдағы нәтижесі: 2+0 Жазда Матстың орын ауыстыруы мүмкіндiгі өте жоғары. Шындығында, бұл футболшы бүгінгі "Боруссияның" деңгейінен өсті. Хуммельс секілді сенімді қорғаушы Еуропаның кез келген топ-клубына керек. "Реалда" неміс қорғаушысы Рамоспен бірге тамаша жұп құрар еді. Ал, орталық қорғанысы ойын сайын өзгеріп отыратын "Юнайтед" үшін Хуммельс беріктің кепілі. Германия ұлттық құрамасының футболшысы қорғаныста сақ ойнап қана қоймай, стандартты жағдайларда нәтижелі ойын көрсете алады. Сонымен қатар, қорғаушының шабуылды бастайтын, алысқа асыратын алғашқы пасы да керемет. 2. Антуан Гризманн Жасы: 24 Клуб: "Атлетико Мадрид" Позиция: шабуылдаушы жартылай қорғаушы Ауысуы мүмкін: "Челси", "Бавария" Маусымдағы нәтижесі: 25+3 Басқа басқа, "Атлетико" ешқашан шабуылшыдан кенде болған емес. Фернандо Торрес, Диего Форлан, Серхио Агуэро, Радамель Фалькао, Диего Коста... Бәрі де "матрасниктерден" кейін жоғары өрледі. Келесі шабуылшы Марио Манджукич болады күтілген. Бірақ, күтпеген жерден маусым аяғында команданың үздік бомбардирі Антуан Гризманн болып шыға келді. Маусым басталмас бұрын французға күдікпен қараған. Қыруар қаржының өтеуін ақтай ала ма, бірден Симоненің тактикасына еніп кете ала дегендей. "Реал Сосьедад" бір бөлек, "Атлетико" бір бөлек. Алайда, маусым басындағы сүреңсіз ойынынан кейін Антуан өз ойынын тауып, "матрасниктердің" шабуылдағы басты қаруына айналды. Енді, үнемі гол салып жүретін жартылай қорғаушыны көздейтін алып клубтардың Гризманн арманы. 1. Марко Ройс Жасы: 25 Клуб: "Боруссия Дортмунд" Позиция: жартылай қорғаушы Ауысуы мүмкін: "Арсенал", "Барселона" Маусымдағы нәтижесі: 12+6 Германиядағы жыл сайын өсіп келе жатқан талантты жастардың санында шек жоқ шығар, сірә. Сол жастардың тірегімен өткен жылы "Мараканa" стадионында Германия ұлттық құрамасы футбол әлемінің шыңына шықты. Алайда өкінішке орай, сол тәтті ертегіден Марко Ройсқа орын табылмады. Талантты футболшы Әлем чемпионатына аз ғана уақыт қалғанда жолдастық кездесуде ауыр жарақат алып, елінің Бразилиядағы жеңісіне өз үлесін қоса алмады. Жығылған жұдырық дегендей, "Боруссия" да маусым ортасына қарай өлінің күйін кешті. Былтыр ғана вице-чемпион атанған команданың, биыл "Бундеслиганың" соңғы орнында тұрғаны жанкүйерлердің есінен ұзақ уақыт бойы кетпейді. Тек соңғы 2-3 айда ғана команда жағдай түзеді. Турнир кестесінің ортасына дейін көтерілді. Клубтың қиын сәтінде АПЛ-ға немесе Пиреней түбегіне басын алып қашпай, келісім-шартын ұзартқан Ройстың да еңбегі зор. Бірақ, Ройстың осы уақытқа дейін Дортмундта өнер көрсетуінің бір себебі-Клопптың жаттықтыруы. Енді, маусым аяқталысымен Клопп кетеді. Үлкен командалар тарапынан қызығушылық танытып тұрғанда "Боруссияда" Ройс қала ма? Әрине, "Боруссияны" сүйеді, жанкүйерлерді құрметтейді. Өз сөзінде осыны қайталаудан жалыққан емес. Дегенмен, жас өтіп бара жатыр. Ройс секілді футболшының Чемпиондар Лигасын, мықты турнирдің алтының аңсамауы мүмкін емес. Оған қоса, Марконы өз қатарында көргісі келетін топ-клубтар жетеді. Мүмкіндік бар кезде неге жоғары өрлемеске?   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ            
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров