Жарнама
Жарнама

Анарбековтың жарақатынан қашан айығатыны белгілі болды

18.09.2025, 11:15

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасынык топтық кезеңіндегі алғашқы матчына айтарлықтай қиын жағдайда келіп отыр. Команданың негізгі екі қақпашысы да жарақат алып, алаңнан тыс қалды.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионатының өткен турындағы "Ақтөбеге” қарсы кездесуде 21 жастағы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды, оның жақ сүйегі сынған. Футболшыға ота жасалып, сәтті өтті, бірақ алдағы екі ай бойы ол командаға көмектесе алмайды.

Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин жағдайға түсініктеме берді:

"Қазір бәрі жақсы, бірақ Темірланды ұзақ оңалту күтіп тұр. Екі айға жуық уақыт алаңға шыға алмайды." – деді ол.

Негізгі қақпашы Александр Заруцкий де жарақатынан айығып жатқандықтан, "Қайрат” қақпасы жас ойыншыларға тапсырылмақ.

"Спортингке" қарсы тарихи матчта қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза, оның құрдасы Диас Реймов немесе 19 жастағы Ілдар Мендығалиев қорғауы мүмкін.

Айта кетейік, Шерхан Қалмырза жарақат алған Анарбековтің орнына "Ақтөбеге" қарсы ойында алаңға шығып, қақпасын құрғақ ұстады. Сол кездесуде "Қайрат” 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров