«Атырау» 27 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Анатолий Катричтің командаға қосылғанын хабарлады.
Катрич оң қапталдағы вингер ретінде өнер көрсетеді. Ол өзінің мансабын «Динамода» бастады. Мәскеулік клуб сапында 116 матч өткізді. Сондай-ақ «Краснодар» мен «Урал» командаларында доп тепті.
Ойыншының соңғы өткен жылдың шілде айында «Текстильщик» командасынан кеткен болатын. Катрич содан бері клубсыз жүр және бірде-бір ресми матчқа қатыспады.
Біздің серіктес: FONBET