Жарнама
Жарнама

“Анчелотти” дәуірі аяқталды

09.05.2025, 22:35

Фабрицио Романоның мәліметінше, Карло Анчелотти мен “Реал Мадрид” клубы Эль Класикодан кейін ресми түрде қош айтысады. Қос тарап та бұл шешімге келіскен, және енді жариялау ғана қалды.

Жарнама
Жарнама

Итальиялық бапкерге “Реал Мадрид” тарапынан аңыз тұлға ретінде зор қошеметпен қоштасу рәсімі ұйымдастырылады. Осыдан кейін клубты Хаби Алонсоның жаңа дәуірі күтіп тұр.

Сондай-ақ, Анчелоттидің Бразилия ұлттық құрамасымен 2026 жылғы Әлем чемпионатына дейінгі ауызша келісімі әлі де күшінде және дайын тұр. Бразилия футбол конфедерациясы осы айдың ішінде Анчелоттидің келісімшартқа қол қоюын күтуде.

Яғни, Анчелоттидің “Реалдағы” соңғы күндері басталып кетті, ал оның келесі аялдамасы – Бразилия құрама командасы болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров