Бапкердің тізгінінде өзбек командасы ішкі чемпионатта 12 орыннан ары аспады.
47 жастағы Максим мансабын Қырғызстанда жалғастырады деп күтілуде. Неге десеңіздер, айыр қалпақты ағайындардың елінде Премьерге жаңадан 4 команда қосылды. Олар қазіргі уақытта Орта Азиялық мамандарды қарастырып жатыр.
Шацкихтің осы маусымдағы тірлігі өнімді болмады. Команда чемпионатта төмен нәтиже көрсетуде. Одан тағысы Азия Чемпиондар Лигасында өткізген 4 ойында да жеңіске жете алмады. Команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі төмен деп айтуға болады.
Айтпақшы, 2009-2010 жылдары өзбек шабуылшысы сол кездегі “Локомотив” Астанада доп тепті. Ол 15 матчта ішкі чемпионатта 8 гол соқты. Кейін оны украиналық “Арсенал” өз сапына қосып алды.
Айта кетейік, жақын аралықта “Андижанды” Максимнің орнына Тимур Кападзе басқаруы мүмкін. Өзбекстан құрамасынан кеткен маман бүгінгі таңда жұмыссыз жүр.
Біздің серіктес: FONBET