Лондондық "Тоттенхэм" өзінің бас бапкері португалиялық маман Андре Виллаш-Боашпен келісім-шартын тоқтатқандарын мәлімдеді. Бұған себеп лондондықтардың биылғы маусымдағы сүреңсіз ойындары болса керек. Жығылғанға жұдырық демекші, соңғы турда "шпорлардың" "Ливерпульге" 0-5есебімен жеңілгендігі де онсыз да шайқалып тұрған бас бапкердің позициясын мүлдем нашарлатып кетті. Естеріңізге сала кетейік, португалиялық маман осы маусым басында ғана лондондық клубқа бас бапкерлікке тағайындалған еді.