Жарнама
Жарнама

Андрей Аршавин алимент мөлшерін азайту үшін сотқа жүгінді

26.09.2025, 21:00

"Қайраттың" бұрыңғы ойыншысы Андрей Аршавин балаларға төлейтін алимент көлемін қысқарту туралы сотқа арыз берді.

Жарнама
Жарнама

Mash таратқан мәліметке сәйкес, Аршавин Мәскеудің Савелов сотына арыз түсірген. Іс оның бұрынғы жұбайы Юлия Барановскаяға қатысты қозғалған. Сот отырысы 9 қазанға белгіленді.

Андрей Аршавин мен Юлия Барановскаяның үш ортақ баласы бар. Бұрынғы футболшының өзі айтқандай, жалпы алты баланың әкесі. Қазіргі таңда Аршавин "Зенит” клубында спорттық даму бойынша бас директордың орынбасары қызметін атқарады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров