"Жеңіс" футбол клубының бұрынғы бапкері Андрей Демченко мансабын Әзірбайжан біріншілігінде жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.
49 жастағы Украиналық маман "Араз-Нахчыван" ұжымының тізгінін ұстайтын болды.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, тәжірибелі бапкер жаңа ұжымына қаңтар айының алғашқы күндері қосылады. Екі жақ арасындағы келісімшарт 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.
Демченконың соңғы жұмыс орны елордалық "Жеңіс" клубы болғаны белгілі. Ол Қазақстан чемпионатында айтарлықтай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген болатын.
Біздің серіктес: FONBET