Жарнама
Жарнама

Андрей Финонченко: “Ұлттық құрамадан тек жеңіс күтемін”

Бүгін, 19:42

Қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері Андрей Финонченко ертең Астанада өтетін Қазақстан мен Комор аралдары құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sports24.kz порталына берген сұхбатында маман Ұлттық құрама жігіттеріне сенім артатынын жеткізді.

Финонченконың айтуынша, ол еліміздің бас командасының әрбір матчын жіті қадағалап, ойыншыларға жанкүйер болып отырады.

"Мен бұл кездесуден тек жеңіс күтемін. Жігіттер үшін әрдайым алаңдап жүремін, себебі құрамадағы көптеген ойыншыларды жақсы танимын. Сондықтан оларға тек сәттілік тілеймін. Ұлттық құраманың әр матчын көріп, қолдау көрсетуге тырысамын. Тек алға!." — деді Андрей Финонченко.

Қазақстан мен Комор аралдары арасындағы кездесу ертең (17:00) “Астана Аренада” өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров