Жарнама
Жарнама

Андрей Карпович: «Аз адаммен ойнап, қазіргі чемпионнан мұндай жеңісті жұлып алу оңай емес»

15.05.2022, 19:22
«Ақтөбе» он адаммен жүріп, матч соңында жеңісті жұлып әкетті.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың 11-турында «Тобылмен» болған ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді:

– Біріншіден, бәрін жеңіспен құттықтаймын. Осыны күткен едік. Мұнда керемет атмосфера бар. Барлығы атап өткендей: «бұл стадион емес, колизей». Біз үшін мұндай ойнау әрқашан жағымды болса, қарсылас үшін өте қиын. Жалпы бұл матч өте ауыр болды. Қызыл қағаз бізді аздап сындырды, бірақ жігіттер мінез көрсетті. Аз адаммен ойнап, қазіргі чемпионнан мұндай жеңісті жұлып алу оңай емес. Баршаңызды тағы да жеңіспен құттықтаймын, біз өте қуаныштымыз. Жанкүйерлер бізге көп көмектесті, бұл факт. Сондықтан лайықты жеңіске жеттік. Бірақ бұл кішкентай ғана қадам. Қуануға уақыт жоқ. Енді келесі матч туралы ойлануымыз керек.

- «Ақтөбе» қатарынан екінші ойында қызыл қағаз алып отыр. Ұжымдағы тәртіп туралы не айтасыз?

- Иә, өте жағымсыз нәрсе. Екі түрлі жағдай болды. Мен бұл фолды қызыл қағазға лайықты деп ойламаймын. Біз мұны алдағы уақытта талдайтын боламыз. Өз алдына мақсат қоятын команданың мұндай жағдайларда қажетсіз қызыл қағаз алуға құқығы жоқ. Сырт алаңдағы ойында да дәл солай болды. Шын мәнінде, бұл нәтижеге әсер еткен шешім болды. Әрине, біз қорытынды жасаймыз, жігіттермен сөйлесеміз. Бұл жерде өте маңызды мәселе бар – ойыншылардың психологиясы. Барлық ойыншылар маңызды орындар үшін күрескен жоқ. Турнирлік кестенің төменгі жағында ойнау бір нәрсе, ал трофей ұтып алу басқа нәрсе. Жас жігіттерді қызыл қағаз алды деп сөкпеу керек. Адукор жас емес, бұл жерде, бәлкім, эмоция әсер еткен шығар. Өйткені голды есептемеген кезде ол сол матчтың анти-қаһарманына айналды. Бірақ Арманмен болған жағдай мүлдем өзгеше. Мүмкін қысым әлі де өз әсерін тигізіп жатқан шығар. Мұны жеңе білу керек. Оны тек ұлы шеберлер ғана жеңе алады. Әрине, мұндай жеңістермен нәтиже қалыптасады. Біз де бұл мәселені түсінеміз және шешеміз.

- «Ақтөбе» 2018 жылдан бері «Тобылды» ұтқан жоқ. Қалай ойлайсыз, бұл матчта ненің арқасында жеңіске жеттіңіздер? Ал сіз бүгін ең жақсы матчтардың бірін өткіздік деп санай аласыз ба?

- Мен бар болғаны екі ойын өткіздім. Әрине, оң нәтижеге қол жеткіздік. Ойынның сапасына әлі баға бере алмаймын. Бірақ бұл ойын бізге үш ұпай жинауға, осындай қиын кездесуде жанкүйерлерді қуантуға мүмкіндік берді.

- Алаңға шығар алдында Гоуға не дедіңіз?

– Шынын айту керек, бұл гол соғуды білетін адам. Тағы бір нәрсе оның қандай физикалық күйде, қай жаста екендігінде. Бұл басқа әңгіме. Мен жай ғана: «Сен гол соғуды білесің, сен нағыз киллерсің» дедім. Жігіттердің көңілін көтеретін дүниелер бар. Және ол: «Бапкер, маған небәрі 5 минут керек. Маған мүмкіндік беріңіз, мен оны пайдаланамын» деді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров