Жарнама
Жарнама

Андрей Карпович: «Бір команда болғандықтан жеңіске жеттік»

27.06.2022, 19:08
Ақтөбеліктер көптен бері едордалық клубты ұта алмай жүрген еді.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың 15-туры аясында «Астанаға» (4:1) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

– Маңызды жеңіске осындай ірі есеппен қол жеткіздік. Ұзақ уақыт бойы «Астананы» жеңе алмадық, бұл да біз үшін ерекше әсер етті. Шынымды айтсам, бүгін чемпионаттағы ең мықты командамен ойнадық. Әрине, бұл жеңіс біз үшін өте маңызды. Біздің өз жоспарымыз, өз стратегиямыз болды. Сонымен қатар ойын қосалқы құрамда жақсы ойыншылардың бар екенін тағы бір рет көрсетті. Жігіттер алаңға шыққанда, ойынға үлкен күш қосты, бұл өз кезегінде нәтижеге әсер етеді. Біз бір команда болғандықтан жеңіске жеттік.

- Жамантаевтың кетуі ойыншыларға әсер ете ме?

- Мен олай болмайды деп ойлаймын. Нәтижені көрдіңіздер, бізде біртұтас команда бар. Біріншіден, құрамды жақсы жасақтадық. Керемет емес, бірақ үлкен мәселелерді шешу үшін бұл жеткілікті деп ойлаймын.

- Матч алдында ойыншыларға не айттыңыз?

- Біз әр ойынның алдында сөйлесеміз, бірақ матчтар әртүрлі болады. Жанкүйерлер жеңісті қалайды, мұны әлеуметтік желілерде талап етеді. Екінші жағынан, бұл маған психологиялық қысым жасайды. Жігіттердің естіп, түсініп жатқандарына ризамын. Ең бастысы, бізде белгілі бір байланыс бар. Барлығына әр жеңістің маңызды екенін айтамыз. Бірақ прогресс байқалмаса, бұл маңызды емес. Бүгін қуанып алайық, сосын келесі матч жайлы ойланамыз.

- «Ақтөбе» чемпиондық үшін күресе ала ма?

- Бүгінгі болған оқиғаға қарап, бәсекеге түсе алмаймыз десем, қателескен болар едім. Фавориттердің қатарына қосылғанымызға қуаныштымыз. Бірақ, жағдай бір сәтте өзгеруі мүмкін.

– Менің ойымша, ұлттық құрама мен «Ақтөбедегі» Оразов екі бөлек адам. Ол немен байланысты?

– Ұлттық құрама үшін Рамазанның қаншалықты маңызды болғанын айту қиын. Иә, ол өте пайдалы болды, тіпті клубта да пайдалы ойыншы деп айта аламын. Ол тиімді іс-әрекеттерін арттыруы керек, біз осымен жұмыс істеп жатырмыз. Біз оған сенімдіміз, ол өте жақсы жұмыс істейді. Сондықтан сіздің пікіріңізбен келіспеймін.

- Неліктен пенальтиді Әлібек Қасым орындады?

- Бұл менің шешімім. Жасыратыны жоқ, Әлібек екеуміз бірге жұмыс істедік. Мен оның мүмкіндіктерін жақсы білемін және бұл менің таңдауым болды. Мен келген сәттен бастап айып добын Қасым орындауы керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров