«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович ҚПЛ-дің 20-турындағы «Тобылмен» болған бәсеке жайлы ойын айтты (2:1).
Семейлік команда осы демалыста аса маңызды кездесуде қостанайлықтарды ұтып, премьер-лигада көш бастаған болатын.
«Әрбір ойын психологиялық тұрғыда ауыр, үлкен қысым сезілуде. Мұндай қысымды жасап алған өзіміз, егер биіктен көрінгіміз келсе, бәріне де төтеп беру керек. Өте ауыр кездесу болды, жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. «Тобыл» өте жақсы команда, оны мойындау керек. Қостанайлықтар қатарында жеке шеберлігі жоғары футболшылар көп, жалпы алдыңғы шебі креативті команда ғой. Оның дәлелі – біздің жіберіп алған добымыз. Меніңше, біз жүйелі ойнап, өзіміздің мүмкіндіктерімізді күттік. Ойын соңына дейін соны жалғастыруға талпындық», - деген еді матч туралы ойын түйіндеген семейлік команданың бас бапкері.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің жиырма турынан кейін «Елімай» көш бастады. Семейлік ұжымның қоржынында 34 ұпай бар. Ал әзірше турнирлік кестенің ең соңғы орнында қарағандының «Шахтері» келеді.
Біздің серіктес: FONBET