Жарнама
Жарнама

Андрей Карпович: “Қарсыласқа қарамастан, әрқашан жеңіске жетуді көздейміз”

Бүгін, 09:43

Семейлік "Елімайдың" бас бапкері Андрей Карпович Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында Мәскеулік "Спартакқа" қарсы өткен жолдастық кездесу туралы өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бапкердің айтуынша, "Спартак” сияқты деңгейі жоғары ұжыммен ойнау — команда үшін үлкен тәжірибе. Ресейдің "халықтық командасы” саналатын клубқа қарсы тұру арқылы "Елімай” футболшылары өздерінің қазіргі деңгейін байқап көрген.

"Біз үшін осындай мықты қарсыласпен күш сынасу өте маңызды болды. Бүгін соған қол жеткіздік. Бірінші таймда сапалы әрі жақсы ойын өрнегін көрсете алдық деп есептеймін." — деді Карпович.

Екінші таймда құрамда көптеген өзгерістер орын алған. Бапкердің түсіндіруінше, жаппай ауыстырулардан кейін ойынның бастапқы құрылымы сәл бұзылған. Дегенмен, бапкерлер штабы футболшылардың жұмысқа деген ынтасына көңілі толатынын жеткізді.

Андрей Карпович нәтижеден бұрын команданың физикалық және тактикалық дайындығын тексеруді басты орынға қойған. Кез келген ойында жеңіске жету басты мақсат болып қала береді.

Дубайдағы дайындық аяқталуға жақын. 26 ақпан күні команда соңғы жолдастық кездесуін өткізеді.

Сол ойыннан кейін клуб Қазақстанға оралып, ішкі біріншілікке (ҚПЛ) соңғы дайындықтарын бастайды.

"Біздің негізгі міндетіміз — елге оралған соң толығымен чемпионат ойындарына бет бұру." — деп түйіндеді "Елімайдың” бас бапкері.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров