Жарнама
Жарнама

Андрей Карпович: «Мен бұл нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын»

11.09.2022, 18:14
«Ақтөбе» екінші орындағы команданы өзіне жақындатып алды.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың 19-туры аясында «Мақтааралмен» (1:1) болған ойынға қатысты пікір білдірді:

- Қиын матч болды. Менің ойымша, біз өзіміздің неге қабілетті екенімізді көрсете алмадық. Бұл үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұрап, басқа нәтиже үшін келгенімізді айтқым келеді. Өкінішке орай, жеңісті сериямызға нүкте қойылды. Бұл матчта осындай жағдайдың орын алғаны өкінішті-ақ. Ойын туралы көп айтқым келмейді. Мен бұл нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Соған қарамастан бір ұпай жинадық. Біреу мұны аз деуі мүмкін, бірақ біз бәрібір ұпайға қол жеткіздік. Ал бұл жерде турнир кестесіне қараудың қажеті жоқ. Бірінші орын немесе соңғы орын: әр команданың алдына қойған мақсаты бар. Иә, біз басқа нәтижеге қол жеткізгіміз келді. Енді мұны қабылдап, келесі матчқа дайындалуымыз керек.

– Маусымды «Қызыл-Жарда» бастағаныңызбен, қазір «Ақтөбе» командасын жаттықтырып жүрсіз. Айырмашылық бар ма?

- Жүктелген тапсырма мен, ойыншылар жағынан айырмашылық бар. Бірақ бұл туралы қазір айтудың ешқандай мән-мағынасы жоқ.

- «Ақтөбенің» мақсаты чемпион болу ма, әлде үздік үштікке ену ме?

- Чемпион болу. Біздің көздегеніміз осы.

– Чемпионаттың соңына дейін командаңызды қиын ойындар күтіп тұр. Ойыншылар бұған психологиялық тұрғыдан дайын ба?

- Бәрі жақсы. Егер команда алдына мақсат қойса, онда ол алдынан шыққан қиындықтарды жеңуі керек. Біреу күйзеліске түседі, ал біреу мотивация береді. Чемпиондықты былай қойғанда, жүлдесіз жүрген біраз жас жігіттеріміз бар. Бірақ чемпион болған, оның не екенін білетін тәжірибелі жігіттер де бар. Біздің міндет – осы қиындықтардың барлығын бірлесе отырып жеңу. Қолымыздан келетініне сенімдімін!

– Бұған дейін Қазақстан кубогінде «Мақтааралды» жеңе алмаған едіңіз, енді чемпионатта ұпай жоғалттыңыз. Ол немен байланысты?

- Мен нәтижеге жауаптымын, сондықтан бұл менің қателігім. Қазіргі «Мақтаарал» мен кубоктік ойындағы құрамын салыстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бізде сәл басқа құрам болды, ал қарсылас басқа жаттықтырушымен келді. Нәтижеге мен жауаптымын, сондықтан қателер болса, бұл менің кінәм.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров