«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан Кубогі 1/8 финалдық кезеңінде «Шахтермен» болған ойын жайлы пікірімен бөлісті:
- Оңай ойын болған жоқ. Десе де, ойдағы біраз дүниені іске асырдық. Әсіресе, бірінші таймда. Нүкте қоятын сәтте дәлдік жетіспей жатты. Әрине, бапкер үнемі барлығына қол жеткізгісі келеді, алайда, біз негізгі міндетімізді орындадық - Кубоктің келесі кезеңіне өттік. Білмейтіндер болса айта кетейік, Қазақстан Кубогі - еурожарыстарға апаратын ең төте жол. Сондықтан, біз бүгінгі бәсекеге лайықты түрде дайындалдық. «Шахтердің» «Астананы» жеңгеннен кейінгі көңіл-күйі дегендей. Қарағандылық футболшылардың өткен турдағы жетістіктен кейін құлшынып тұрғанын білдік. «Шахтер» соны дәлелдеді. Сол үшін бүгінгі жеңісімізге қуанамыз, өйткені ең бастысы осы. “Елімайдан” бөлек Қазақстан Кубогінің ширек финалына "Қайрат","Тобыл", "Атырау", “Ақтөбе”, “Ордабасы” және “Қызыл-Жар” командалары да өтті.
Біздің серіктес: FONBET