Жарнама
Жарнама

Андрей Карпович: «Ойыннан басқа нәтиже күткен едік»

06.03.2022, 15:56
Еурокубокке қатысатын командамыз жаңа маусымдағы дебюттік матчында жеңіліп қалды.
Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» командасының бас бапкері Андрей Карпович «Каспиймен» болған ойын (0:1) жайлы пікір білдірді:

- Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойын қиын өтті. Қарсыластың жеңіске деген, жанкүйерлерді қуантамыз деген ұмтылысына өз бағасын бергеніміз жөн. Жанкүйерлер өз кезегінде командаларына жақсы қолдау көрсетті. Әрине, ойыннан басқа нәтиже күткен едік. Кездесуде жақсы сәттер жетерлік болды, алайда шабуылдың нүктесін қоя алмадық. Ойын бір голға дейін, кім соқты, сол команда ұпай еншіледі. Бұл көрсеткішке көңіліміз толмайды. Бірақ мұндай сәттерде жасымау керек. Келесі кездесуге дайындалуымыз қажет. Өкінішке орай, жаңа маусымдағы дебюттік ойында ұпай жинай алмадық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров