Жарнама
Жарнама

Андрей Мартин: «Маусымды жеңіспен аяқтағымыз келеді»

Бүгін, 07:18

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсарға» қарсы өтетін кездесу алдындағы ойымен бөлісті, деп хабарлайды, Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Маманның айтуынша, Қазақстан кубогының финалы – кез келген футболшы мен бапкер үшін ерекше маңызға ие кездесу. Сондықтан Шымкенттік команда шешуші ойынға барынша жауапкершілікпен дайындалып жатыр.

«Ең алдымен, кубок финалы секілді жоғары деңгейдегі матчтарға қатысу өте жағымды. Мұндай жарыстарда өнер көрсету әрқашан қызықты. Кубоктық кездесулердің атмосферасы ерекше эмоцияға толы. Сондықтан бұл футболшылар мен бапкерлер штабы үшін маңызды оқиға», – деді Андрей Мартин.

«Ордабасы» бапкері командасының финалға толық дайын екенін және маусымды сәтті аяқтауды көздейтінін жеткізді.

«Біз дайынбыз және алдағы ойынға оптимистік көңіл күймен қараймыз. Маусымды жақсы нәтижемен аяқтағымыз келеді. Сондықтан қазір бар ойымыз кездесуде. Матчқа тыңғылықты дайындалып, лайықты өнер көрсетуіміз қажет», – деді ол.

Сонымен қатар Андрей Мартин финалдық кездесуде жанкүйерлердің қолдауы ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

«Ертең стадион жанкүйерлерге лық толады деп үміттенемін. Көрермендердің тартысты әрі қызықты футбол тамашалағанын қалаймыз. Біз бұған дайынбыз және алаңда соған сай әрекет етеміз», – деп түйіндеді маман.

Айта кетейік, Қазақстан кубогының финалында «Ордабасы» мен «Қайсар» кездеседі. 

Шымкенттік клуб биылғы маусымда Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атанды. Андрей Мартин шәкірттері 30 турда 68 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров