"Ордабасы" клубының бас бапкері Андрей Мартин командадағы соңғы жаңалықтармен бөлісті. Ол қақпашы Дмитрий Челядниктің клубтан кетуі, қорғаушы Виктор Мудрактың жағдайы және жаңа маусымға дайындық мерзімі туралы түсініктеме берді.
Moldfootball.com сайтына берген сұхбатында бапкер, Дмитрий Челядниктің бір жылдық келісімшарты аяқталғанын және клуб оны ұзартпау туралы шешім қабылдағанын айтты. Осылайша, Шақпашы шымкенттік командадан ресми түрде кетті.
Ал Виктор Мудракқа қатысты жағдай басқаша. Ойыншының клубпен екі жылдық келісімшарты бар және ол "Ордабасы” құрамында қалмақ. Қазіргі уақытта Мудрак жарақатынан кейін реабилитация кезеңінен өтіп жатыр.
Сондай-ақ Мартин команда жаңа маусымға дайындықты 9 қаңтарда бастайтынын хабарлады. Бұл күн ойыншылардың бірінші оқу-жаттығу жиынына жиналатын күні ретінде белгіленген.
Біздің серіктес: FONBET