Жарнама
Жарнама

Андрей Шевченко «Дженоа» клубының бас бапкері атанды

08.11.2021, 00:30
Украиналық маман үш жылдық келісім-шарт жасасты.
Жарнама
Жарнама

Украиналық маман Андрей Шевченко италиялық «Дженоаның» бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Бұған дейін украиналық маманның италиялық клубпен 2024 жылға дейін келісім-шартқа отыратыны хабарланған болатын. Шевченко жылына 2 миллион еуро жалақы алатын болады. Мауро Тассотти оның көмекшісі болып тағайындалды. Еске салайық, «Дженоаны» бұған дейін Давиде Баллардини жаттықтырған еді.

Дәл қазір «Дженоа» 12 кездесуде 9 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 15-ші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров