Жарнама
Жарнама

Андрей Шевченко италиялық клубты тізгіндемек

06.11.2021, 16:28
Бұл клуб қазір Италия чемпионатында он бесінші орында келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Украина құрамасын баптаған 45 жастағы Андрей Шевченко Италия чемпионатында бақ сынайтын «Дженоа» клубына бас бапкер болып тағайындалмақ. Бұл туралы италиялық журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, жақын арада «Дженоа» мен Шевченко үш жылдық келісім-шарт жасасады. Бірақ италиялық клубтың қазіргі бапкері Давиде Баллардинидің қызметінен қашан кететіні белгісіз болып отыр.

Айта кетейік, Шевченко Еуро-2020-дан кейін Украина құрамасынан кеткен болатын. Шевченко кеткеннен кейін Украина құрамасын Александр Петраков тізгіндеді.

Дәл қазір «Дженоа» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 9 ұпаймен 15-орында келе жатыр. Келесі матчта италиялық клуб «Романы» қабылдайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров