Жарнама
Жарнама

Андрей Шевченко «Миланның» бапкері болуы мүмкін.

18.05.2013, 16:34
Жарнама
Жарнама
La Gazzetta dello Sport газетінің хабарлауынша әйгілі украиндық шабуылшы Андрей Шевченко итальяндық «Милан» клубының бапкері болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, Шева өзінің спорттық ғұмырының алтын жылдарын дәл осы «Миланда» өткізген болатын. Клуб дейңгейіндегі рекордтарымен жанкүйерледің көңілінен шыққан ойыншы еді. Клуб президенті Сильвио Берлоусконидің өзі бапкер таңдау мәселесінде Дженнаро Гаттузо, Филиппо Индзаги және Андрей Шевченколардың кандидатурасын қарастыруда. Тарихтан белгілі жайт, заманында мықты болған футболшыдан мықты бапкерлер көп шықпаған. Осы ретте Аргентина тізгінін ұстаған Диего Марадонаны айтуға болады. Бірақ Франк Райкаард секілді мықты бапкерлер де өз есімін футбол тарихына «алтын» әріппен жаздырғандар да баршылық. Шева Италияда бапкер болып жатса, бүкіл украин жұртшылығын құттықтап, ал Андрейге тек сәттілік тілейміз!
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров