Украина ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Андрей Шевченко 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу ойынына қатысты пікірін білдірді:
- Біз өте байсалды топқа түстік. Әрине, әлем чемпионы Франция құрамасымен кездесу біз үшін қиын болады. Біз оның күшін білеміз. Босния және Герцеговина құрамасын төртінші себетке түскендер арасында ең мықты деп атауға болады. Біз Финляндияны да білеміз - 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде осы командаға қарсы ойнадық. Ол кездегі ойын өте ауыр болды. Қазір бұл команда алға ұмтылуды жалғастыруда. Оның Еуропа чемпионатына қатысуы - алға жылжуының дәлелі. Қазақстанды да елемеуге болмайды.
Көп нәрсе күнтізбеге байланысты болады. Жақын арада біз оны білетін боламыз, содан кейін толығырақ талқылаймыз деп үміттенемін.
Біздің серіктес: FONBET