Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «12-13 адамнан тұратын құраммен чемпионатты аяқтау мүмкін емес»

24.05.2021, 16:28
«Астананың» бас бапкері төрешілердің жұмысына риза емес екендігін хабарлады.
Жарнама
Жарнама

"Астана" 13-турдың орталық матчында "Қайратпен" тең ойнады (1:1). Елордалық клубтың бас бапкері Андрей Тихонов ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Бірінші таймда "Қайраттың" мүмкіндіктері болды, олар біге қарағанда әлдеқайда жақсы, сергек болды. Ойынның деңгейін сақтау үшін, бізге бұл ойында ғана емес, жалпы маусым бойы тиімді алмастырулар қажет. 12-13 адамнан тұратын құраммен чемпионатты аяқтау мүмкін емес. Бұл туралы басшылықпен сөйлесетін боламыз.

Бүгін, өкінішке орай, мені төрешілердің жұмысы қайран қалдырды, мен түсіндіре алмайтын шешімдер болды. Бізге болмашы жерде жасалған ереже бұзушылықтар үшін сары қағаз берілсе, жауап ретінде, ойыншыларымыздың жылдам шабуылдарын тоқтатқаны үшін төреші "Қайрат" ойыншыларына жаза қолданбады. Мүмкін, біз дөрекі ойнаған шығармыз, бірақ бұл үшін ескерту алдық, ал осыған ұқсас сәттерде қарсыласқа ескерту қағазы көрсетілмеді. Испаниядан төрешілер бөлімінің жаңа басшысы келді деген сияқты еді, бірақ, өкінішке орай, алаңда не болып жатқаны әлі толық түсініксіз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров