Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов «Астана» клубымен келісім-шартын бұзды

05.11.2021, 22:14
Ресейлік маман қазір Нұр-Сұлтанда жүр.
Жарнама
Жарнама

Екіжақты келісім бойынша Андрей Тихонов «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.

«Астана» сапында алаңға шыққан Андрей мырза араға 11 жыл салып, 2020 жылдың қазан айында клубтың бас бапкері қызметіне кіріскен болатын. Оның жетекшілігімен елордалық клуб ел чемпионатында 2020 жылы қола алса, биыл күміс жүлдені иеленді.

Владимир Ежуров бас бапкердің міндетін атқарушы боп тағайындалды. Ол команданы Қазақстан кубогінің жартылай финалдық кездесулеріне дайындайтын болады.

«Тень отца Гурмана» телеграм арнасының хабарлауынша, 51 жастағы ресейлік маман қазір Нұр-Сұлтанда жүр, ол тіпті «Қайратпен» 7 қарашада өтетін Қазақстан кубогінің бірінші жартылай финалына қатысады. Бірақ ойынды трибунадан көрермен ретінде тамашалайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Тихоновтың орнына «Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич басты үміткер ретінде қарастырылуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров