Елордалық "Астана" Премьер-лиганың 14-турында Қостанайлық "Тобылды" минималды есеппен жеңді. "Жас Қыран" стадионында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 66-минутта Алексей Щёткин салды. Естеріңізге сала кетейік, бұл Андрей Тихоновтың "Астана" клубының бас бапкері ретіндегі алғашқы ойыны болды.
Осы ойыннан кейін "Астана" 24 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Григорий Бабаян шәкірттері 23 ұпаймен төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET