Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Астананың» орындауында агрессия, қысым, құмарлық және жеңіске деген ұмтылыс болды»

25.11.2020, 03:19
«Астана» бүгінгі ойыннан кейін үшінші орынын сақтап қалды.
Жарнама
Жарнама

«Астана» сәтсіз ойындар сериясын бұзып, «Қайсарды» 3:1 есебімен жеңді. Ойын соңында елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Маған жігіттердің бірқатар жеңілістен кейін, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарағаны ұнады. Соңғы сәтсіздікті құрамалардың ойындарымен байланыстыруға болады. Жігіттер ұзақ ұшулардан кейін шынымен де шаршады. Біз екі күн ішінде жақсы қалыпқа келдік. Ал ол бізге өзіміз көргіміз келетін футболды көрсетуге жеткілікті болды. Бүгін «Астананың» орындауында агрессия, қысым, құмарлық және жеңіске деген ұмтылыс болды. Бірнеше стандарттық сәттерден бөлек, қарсылас біздің қақпамызға айтарлықтай қауіп төндірген жоқ. Бұл әрине қуантады. Сондай-ақ, шыдамдылық танытып, қажетті голдарды соға алдық.

Ал бір өкініштісі, біз алдағы ойында Юрий Логвиненкоға сенім арта алмаймыз. Ол төртінші сары қағазын алып қалды. Бірақ, енді бізге дайындық тұрғысында психологиялық жағынан жеңіл болады деп сеніммен айта аламын. Себебі, мықты қарсыласқа қарсы кездесуде лайықты жеңіске қол жеткіздік. Үш жеңілістен кейінгі жалпы психологиялық фон жақсы болған жоқ, баспасөзде көптеген жағымсыз пікірлер айтылды, өйткені жағдайды іштей ешкім білмегендіктен, көбінесе бізді қатал сынап жатты. Бірақ мен жігіттер үшін өте қуаныштымын, олар өздеріне тән ойынды көрсете отырып, ерекше жігер танытты. Сондықтан біз бұл жеңіске өте қуаныштымыз.

- Бірінші таймнан кейін Марин Томасовтың ақсап бара жатқанын байқап қалдық. Оның жағдайы қалай?

- Бірінші таймның соңында қарсыластың айып алаңында бір сәт болды, егер ол VAR жүйесі бар чемпионатта болса, онда 100% айып добы белгіленген болар еді. Соққы бағытталған кезде қорғаушы Томасовтың аяғын басып кетті. Үзілісте оның аяғының қатты ісіп, қызарғанын байқадым. Томасов ойынды әрі қарай жалғастыра ала ма деген сауал тұрды. Өткен ойында да бізге анық бір сәтте пенальти берген жоқ. Бірақ, мен оған төрешілерді кінәлаудан аулақпын. Бұл адами фактор, олар байқамай қалған болуы мүмкін. Томасовтың жағдайына келетін болсақ, оның аяғы қатты көгеріп кеткен, біз қалпына келтіруге тырысамыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров