Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Барлық командалардың жағдайы бірдей»

23.10.2020, 18:03
«Астана келесі матчта «Оқжетпеске» қарсы ойнайды.
Жарнама
Жарнама

«Астана» клубының бас бапкері Андрей Тихонов «Тобылға» (1:0) қарсы дебюттік ойынын жеңіспен бастады. Андрей Валерьевич кездесу соңында ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Мен соңына дейін шыдап, маңызды жеңіске жеткен ойыншыларыма ризамын. Әр футболшының жағдайы әртүрлі және бес күн ішінде оларды қалыпқа келтіру өте қиын, одан бөлек жарақат алған футболшылар бар. Біз осы уақыт аралығында барынша еңбектеніп, физикалық жағдайды қалыпқа келтіруге тырыстық. Ол біздің қолымыздан келді. Барынша көп жаттығу жасайтын болсақ, соншалықты жақсы ойнайтын боламыз. Себебі, команданың шеберлігі жоғары деңгейдегі сапалы футбол үлігісін көрсетуге жетеді. Бүгін біздің бір жағынан алғанда жолымыз болды. Қарсыласта да, бізде де көп гол соғатын мүмкіндік болған жоқ.

- Жарақат алған ойыншылардың қайсысы «Оқжетпеске» қарсы ойынға дейін қалыпқа келіп үлгереді?

- Әзірге бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Бірақ, келесі ойында бізге көмектесе алмайтын екі футболшының есімін анық айта аламын. Бүгін Пиерос Сотириу жарақат алса, Евгений Постников төртінші сары қағаз алып қалды. Сондықтан, тағы да өзгеріс жасап, кімнің ойнай алатынын қадағалу қажет болып тұр.

- Команда бүгін жасанды алаңда ойнаса, келесі «Оқжетпеске» қарсы кездесуді Орталық стадионда табиғи алаңда өткізеді. Бұл командаға қиындық әкелуі мүмкін бе?

- Барлық командалар бірдей жағдайда, ешқайда қашып кете алмайсың. Бар дүниені қабылдау қажет. Осы ойын алдында жасанды алаңда жаттықсақ, алдағы «Оқжетпеске» қарсы кездесу алдында табиғи алаңда өз дайындығымызды пысықтайтын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров