"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов Премьер-Лиганың 16-турының «Қайратқа» қарсы ойыны (0:1) туралы пікір білдірді:
- Біз гол сала алмадық, бізде бірнеше жақсы мүмкіндіктер мен жақсы комбинациялар болды. Ия, дәл қазір "Қайрат" агрессивті, жылдам футбол ойнауда. Сондай-ақ олардың ойыншыларының деңгейі жоғары. Маған қорғаныстан шабуылға қалай көшкеніміз ұнады, ақырында бәрі ойдағыдай болмады, бірақ бұл ойыншылардың үйлесімділігіне байланысты. Мұндай қарқынды матчтар сирек кездеседі, сондықтан төрешілердің шешімдері біраз даулы болды. Біз өз ойынымыз туралы, әрі қарай қалай жүру керектігі жайлы, психологиялық және ойын тұрғысынан күшею туралы сөйлесетін боламыз. Бізде жұмыс істейтін нәрсе бар, біз оны жасаймыз.
- Ойын басында команда екінші нөмірдің рөлін атқарды. Бұл ойын жоспары ма?
- Қайталаймын, ойыншылар іс жүзінде маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізген жоқ, олар басқа күйде болды. Біз оларды шамамен бірдей қалыпқа келтірдік. Біздің қысым жасауымыз матчтың соңына әсер етуі мүмкін еді, бізге күш жетпей қалды. Сонымен бірге екінші таймда мен команданың ойынына риза болдым. Біз күшейіп келеміз. Ойындар жиі ойналады, бізде ұлттық құраманың ойыншылары 12-13 күнде алты ойын өткізеді. Нәтиже қажет екенін ескерсек, бұл футболшылар үшін қолайсыз. Алға жылжимыз ба, бір орында қаламыз ба, оны мамандар мен басшылық шешеді. Менің ойымша, біз алға жылжудамыз.
- Сіз матч аяқталғаннан кейін шеңбер болып жиналу дәстүрін енгіздіңіз. Бұл туралы анығырақ айтсаңыз.
- Біз сөйлесіп жатырмыз. Мен жігіттерге ойыннан кейін жиналуларын өтіндім. Бірігуді қажет ететін сәттер болады. Кейбір сөздерді капитан айтады. Бұл қалыпты жағдай.
- Қалған матчтарға қандай міндет қойдыңыз?
- Біз алдымызға бес ойында жеңіске жету міндетін қойдық. Бізді қиын кесте күтіп тұр, бірақ біз қазір "Таразбен" болатын кездесу туралы ойланамыз.
Біздің серіктес: FONBET