Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Бұл матчты теледидардан көрсеткенде көп адам күлкіге қарқ болатын еді»

14.03.2021, 02:20
Премьер-лига басталды деп қуанған едік, бірақ бұл қуанышымыз көпке созылмады.
Жарнама
Жарнама

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Тұран" командасымен болған матч (2:2) туралы пікір білдірді:

- Мұны футбол деп атау өте қиын! Барлығы біздің қандай алаңда ойнағанымызды көрді! Матч алдында біз ойынды кейінге қалдыруын сұрадық, бірақ олар келіспеді! Мен кейбір адамдарға осы ойын арқылы жақсы көңіл-күй сыйлағанымызды түсінемін, бірақ мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, жаңа стадиондар пайда болды, бірақ жаңбыр жауғанда, алаң көлшікке айналды. Мұндай жағдайда футбол туралы әңгіме айту мүмкін емес, тек жүгіріп, соққы жасау керек, комбинациялық ойын көрсетуге мүмкіндік жоқ, біз өзіміздің мықты жақтарымызда пайдалана алмадық, өйткені доп тиісті жерге жетпей, шалшықтарға кептеліп қалды.

- Мұндай алаңда жарақат алу қаупі өте жоғары. Футболшылар жарақаттанып қалмады ма?

- Бізде бірнеше футболшы жарақат алды. Бірақ тағы да айтамын, бұл футбол емес, ойыншыларды мазақ ету, бүгін екі команданың ойыншыларын жай ғана мазақ етті. Ауа температурасы -2 градус болған кезде футболшылардың шалшыққа құлағанын көру көрермендер үшін күлкілі көрінетіні анық, бірақ мұндай ауа-райында ойнауды шешкендер бұл туралы ойлануы керек. Өкінішке орай, бұл матч теледидардан көрсетілмеді, әйтпесе көп адам күлкіге қарқ болатын еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров