«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Таразбен» (3:0) өткен ойынға қатысты пікірін білдірді.
– Ойын екі түрлі таймға бөлінді: бәрібір 3:0 есебімен жеңіп жатқан кезде тек қана жеңіс қажет және қателікке жол жоқ. Бәлкім, осыдан кейін екінші таймда айтарлықтай жолымыз болмады, ал жастарды шығарған кезде, қимыл-қозғалысымыз бен ойынға деген эмоциямыз артты. Ойыншыларымыздың кей бөлігі Ақтауда ойнамады, ал кейбірі ойнағанымен алаң сапасына байланысты арқаларын ауырсынды. Міне, осы себепті ойыншылар әртүрлі жағдайда болды. Қазір толыққанды ойын өткіздік, мен Тигран мен Фатосты негізгі құрамға қостым, олар өз жұмыстарын керемет атқарды. Алғашқы таймдағы голдар, қауіпті сәттер, барлығы да тамаша болды. Әрине, біз бүкіл мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Ойынымыз толығымен жүрді, біз бұдан да көп гол сала алатын едік, бірақ амал нешік, ойлағанымыздың бәрі бірдей бола бермейді – келесі ойынға қалдырамыз.
– Біраз уақыттан кейін Кике Лопез алаңға оралды. Сізге оның ойыны ұнады ма?
– Кике бұған дейін 17 күн өткізіп алды, бұл көп уақыт және біртіндеп бабына енуде. Ол жастар командасында ойнады, енді бүгін алаңға шықты. Алдағы уақытта не боларын көреміз, жұмыс жасауы керек, біздің командада барлығы ойнайды, бірақ бірден емес.
Біздің серіктес: FONBET