Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Орталық алаңда Макс Эбонгтың жоқтығы қатты білінетін болады»

05.08.2021, 17:56
Макс командамен бірге Финляндияға бармаған екен.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде КуПС-пен болатын ойын алдындағы ой-пікірімен бөлісті:

— Ойынға толықтай дайын болып шығамыз. Әлбетте, қарсыласымыз оңай шағылатын жаңғақ емес: «Ариспен» салыстырғанда олар мүлдем басқа футбол ойнайды, бірақ олар да жылдам ойнағысы келеді, оған қоса физикалық күреске көп барып, қысым көрсеткенді жақсы көреді. Бүгін қызықты матч болады, бұл қарымды қарсылас. Біздің жігіттер «Аристі» жеңгеннен кейін өздерінің жеңісті жігерлерін қалпына келтіріп алды. 

Сонымен қатар біздің құрамда мәселелер туындады — бұл Эбонгтың жоқтығы, оның бұлшық еті ауырсынғандықтан, елде қалдырып кеттік, денсаулыққа баса назар аударған жөн, себебі алда ойындар көп. Біз жылы жақтан, суық ауа-райына ауыстық, дегенмен мұнда жақсы алаң мен үлкен стадион бар. 

— КуПС нағыз өзінің емес, нейтралды стадионда ойнайтынын есептегенде, қос командаға бірдей жағдайда ойнауға мүмкіндік болады деп айтуға ма? 

— Бұлай айту қиындау. Бәрібір, егер біз өзге елде ойнайтын болсақ, тіптен Қазақстанның басқа қаласында ойнасақ, бұны үйде ойнап жатқандай қабылдайтынбыз. Иә, матч айтарлықтай көп көрерменмен өтпейді, алайда олар өзінің отанында ойнайды, сондықтан, психологиялық басымдық соларда болатыны айтпаса да белгілі. Соңына дейін ойнап, жеңіске жету үшін тырысатын боламыз. 

— Барлығына қызық сұрақ: Марин ойнай ала ма? Ол өзін қалай сезінуде?

— Марин дайын. Ол Грекияда ойнай алмағанымен, қазір дайын, бізбен жаттығуға қатысты және ойнайтын болады. Біздегі жалғыз қиындық — бұл Макс Эбонгтың жарақаты. Орталық алаңда ойынды жүргізетін Макс болғандықтан, оның жоқтығы білінетін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров