Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов өзіне тағайындалған жазаға қарсы екендігін хабарлады

27.10.2021, 23:01
Ресейлік маман тәртіптік қаулыда осындай ұзақ мерзімді жазаның бар екендігіне күмәнмен қарауда.
Жарнама
Жарнама

"Астана" клубының бас бапкері Премьер-лиганың 25-ші туры аясында "Қайратпен" болған матчта алаңды өз еркімен тастап кетуіне байланысты ҚФФ Тәртіптік комитетінің шығарған үкіміне қарсы екендігін жеткізді. Айта кетейік, ресейлік маман осы әрекеті үшін екі жыл бойы ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін матчтарға қатыса алмайды

"Мен бұл шешімнің қандай негізде қабылданғанын түсінбеймін. Ешқандай іс қозғалған жоқ, мені ешқайда шақырмады және ешкім тыңдамады. Екі жылға ойыннан шеттету заңды нәрсе ме? Тәртіптік қаулыларда мұндай ұзақ мерзімді жазаны қарастыратын баптар бар ма? Тағы да қайталаймын: алаңнан кету туралы шешімді команда қабылдады, мен жай ғана жігіттермен келістім", - деді Тихонов "Тень отца Гурмана" телеграм арнасына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров