"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов Қазақстан Суперкубогінің финалында "Тобылмен" болған матч туралы пікір білдірді (1:1, пенальти бойынша - 4:5).
- Андрей Валерийұлы, Александр Заруцкийдің матчтың соңғы минуттарында алаңға шығуы жаттықтырушының шешімі ме?
- Ия, бұл біздің шешіміміз. Десе де қақпашыларға көп тапсырма жүктелді. Пенальти сериясына шыққан Заруцкий жаттығуда өте жақсы көрінді. Ол соңғы соққыдан басқасының барлығын дәл тапты. Бүгін бізге сәттілік жетіспеді. Пенальти сериясы - лотерея. Менің ойымша, ойынның алғашқы 15 минутында біз нашар ойнадық, бірақ кейін матч біздің бақылауымызда болды. Матчтың осылай аяқталғаны өкінішті-ақ. Біз кейбір сәттерде қарсыласқа қарағанда жақсы ойнадық. Пенальтиде жолы болған команда жеңіске жетеді. "Тобылға" сәттілік серік болды, олардың орындау шеберлігі жақсы болып шықты.
- Соңғы минуттардағы айып добына келетін болсақ, сіз Томасовқа тебу туралы тапсырма бердіңіз бе?
- Командада Томасов немесе Барсегян сол аяқпен жақсы тебеді, бірақ бұл жерде Томасов гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET