Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Қателіктер болды, бірақ команда маңызды үш ұпайға ие болды»

29.04.2021, 04:01
Елордалық клуб бүгін тек бір голмен шектелді.
Жарнама
Жарнама

«Астана» бүгін өз алаңында «Ақжайықты» 1:0 есебімен жеңді. Елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов ойын нәтижесін қорытындылады:

- Мен бүкіл футбол қауымдастығына және біздің командаға жан-тәнімен берілген жанкүйер Людмила Куфонинаның туыстарына көңіл айтамын. Команда оның осы жылдар ішінде көрсеткен қолдауы үшін ризашылық білдіреді және ойыншылар алаңға оның портреті бейнеленген жейделермен шықты - оны еске алып, құрметтеу біздің міндетіміз.

Ойынға келетін болсақ, бұл біз үшін қиын матч болды. Физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршағанымыз көрінді, өйткені біз әр ойында барымызды салып ойнауымыз керек, біз әр кездесуде қателікке бой алдырмай, жеңіске жетуіміз керек. Бапкерлер құрамы ойыншыларға атқарылған жұмыс үшін алғысын білдіреді. Қателіктер болды, бірақ команда өте маңызды үш ұпайға ие болды. Ертеңнен бастап келесі матчқа дайындаламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров