Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Қорғаныста сауатты өнер көрсететін командаға қарсы ойнау қиын болды»

16.08.2021, 20:32
«Астана» 85-минутта соққан голының арқасында келесі кезеңге шықты.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ақтөбемен» өткен матчты (1:1) қорытындылады:.

– Бірінші таймда жақсы мүмкіндіктерге ие бола отырып, гол жіберіп алдық. Қарсылас бірінші таймда тек екі соққы ғана жасады, олардың бірі голға айналды. Әрине, біз ойнап жатқанда, қарсыластың қорғанысқа жатып алғаны жақсы емес, мұндайда қорғанысты бұзу өте қиын. КуПС-пен соңғы ойыннан кейін ойыншылар қатты күйзелді. Біздің жігіттер үшін қиын сәт болды, оған қоса бүгін бірнеше футболшы ойнамады және екі команда да толық құраммен келген жоқ. Сондықтан физикалық және психологиялық тұрғыдан біршама қиын болды, сол себепті олар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған болар. Сонымен қатар Барсегян, Педро және Битри болмады, ал Бейсебеков пен Эбонг сары қағаздардың көп болуына байланысты ойнаған жоқ. Сондай-ақ біздің қосалқы құрамда тек жастардың отырғанын көрдіңіздер.

Қорғаныста сауатты өнер көрсететін командаға қарсы ойнау қиын болды. Әрі қарай біз ашылып, шабуылға шыға бастадық және қарсы шабуылға тап болдық. Жігіттердің шыдағаны жақсы болды, тең ойын топтан шығуымызға ықпал етті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров