Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Ресей Премьер-лигасының клубынан ұсыныс түссе, мен оны міндетті түрде қарастырамын»

16.11.2021, 16:09
Ресейлік маман жаңа жылға дейін демалғысы келеді.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бұрынғы бапкері Андрей Тихонов елордалық клубтан кеткеннен кейінгі болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымы.

«Мен қазір демаламын, әрине Жаңа жылға дейін. Бірақ қазірдің өзінде жұмыс іздеп жүрмін. Жаңа жылдан кейін әлдеқайда белсенді жұмыс істейтін боламын. Ресей Премьер-лигасының клубынан ұсыныс түссе, мен оны міндетті түрде қарастырамын», - деді Тихонов.

Еске салайық, қазан айының соңында Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лиганың 25-ші турында «Қайратқа» қарсы өткен ойында (0:1) жаттықтырушы команданы алаңнан алып кеткені үшін Тихоновты екі жылға дисквалификациялаған болатын. Қараша айының басында ол бас бапкер қызметінен кетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров