Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Төрешілер матчты бақылауынан шығарып алды»

14.02.2021, 16:13
«Астана» сапында Семир Смайлагич пен Тигран Барсегян көзге түсті.
Жарнама
Жарнама

"Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов "Чайка" клубымен болған матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Бірінші таймда бізде жүзеге асыра алатын және ойынның тағдырын шешетін жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ сәттілік жетіспеді, кейбір эпизодтарда қақпашы жақсы ойнады. Жалпы, футболшылардың қақтығысқан сәтіне дейін біз жақсы көріндік. Одан кейін футболшылардың жүйкесі жұқара бастады, ешкім берілгісі келмеді, ал футбол одан сайын нашарлай түсті. Қызыл қағаз көрсеткеннен кейін төрешілер матчтан қуылған ойыншыны ауыстыруға қарсы болды, өйткені бұл жолдастық кездесу болғанымен, халықаралық матч болып есептеледі. Мен өз тарапымнан толыққанды қарсы болдым, бірақ келесі жолы біз ережелерді сақтаймыз және алаңнан қуылған ойыншылардың ауысуына жол бермейміз.

Бұл оқу-жаттығу жиыны екендігі және ешкімнің ұтылғысы келмейтіні түсінікті, бірақ бәрінен бұрын футбол ойнау керек, кеше бәрі қатал әрі ережеге бағынбай ойнады, сонымен қатар төрешілер матчты бақылауынан шығарып алды.

Екінші таймда біз қиын жағдайда болдық, бірақ алға ұмтылғанымыз жақсы. Бізде жұмыс істеуді, жақсартуды қажет ететін сәттер бар екенін көріп отырмыз және мұны жаттығу процесінде жасаймыз. Айта кету керек, бүгін бір топ жас футболшыларға мүмкіндік берілді және олар өте жақсы ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров