Жарнама
Жарнама

Андрей Тихонов: «Жігіттер Финляндиядағы қиын ойыннан кейін де жоғары деңгейде өнер көрсетті»

09.08.2021, 15:34
Кешегі матчта «Астанаға» жеңіс ауадай қажет еді.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Қайсармен» (1:0) өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

— Жігіттерге толығымен ризамын, бүгін ылғи жоғарыға көтеріліп, прессингке барды. Мен Финляндиядағы матчтан кейінгі үшінші күн екенін білемін, дегенмен бізге жеңіс ауадай қажет болды, себебі бұл ойын топтан шығу-шықпауымызды шешеді. Әлі ештеңе шешілмеді, алда Ақтөбедегі ойын бар, ол жақта да тек жеңіс үшін ойнаймыз, артқа шегінер жол жоқ. 

Финляндияда аздаған жарақатына байланысты шыға алмаған Макс Эбонг қайта қалпына келді. Шынымды айтсам, жігіттердің ойыны көңілімнен шықты: олар ауқымды жұмысты артта қалдырды, тек бір әттеген-ай дейтін тұс — қақпа маңдайшасына тиіп кірген біздің голымыздың есептелмеуі. Оның үстіне пенальтиге қатысты сұрақ туындады және гол салатындай үш-төрт мүмкіндік болды, сондықтан ойын соңы біз үшін айтарлықтай сәтті болмады, сонымен қатар қосалқы құрамнан алмасып шыққан ойыншылар ойынға ене алмады. Барлығымен сөйлесіп, жағдайды түзетуге тырысамыз. 

Бір өкініштісі - өз үйімізде жанкүйерсіз ойнап жүргеніміз. Ал бідің қонақтағы матчтарымыздың бәрінде дерлік трибунада көрермендер отырады. Бізге жетіспей жүргені осы жанкүйерлеріміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров