Жапония Суперкубогы жолында "Виссел Кобе" ел чемпионы "Йокогаманы" пенальтилер сериясында ұтты. Негізгі уақыт 3:3 аяқталып, екі ұжым экстра-таймда гол соға алған жоқ. Пенальтилер сериясы 3:2 есебімен "Виссел Кобе" пайдасына аяқталды.
Команда капитаны "Барселонаның" аңызға айналған ойыншысы Адрес Иньеста толық ойын өткізіп, пенальтилер сериясында гол салды. Осылайша, 35 жастағы жартылай қорғаушы карьерасындағы 37-жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұл көрсеткіш бойынша 40 жүлде жеңген бұрынғы командаласы, бразилиялық Дани Алвеске жол беріп тұр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET