«Атыраудың» 25 жастағы шабуылшысы Андрия Филипович «Ақтөбеге» ауысуы туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды «мұнайшылардың» баспасөз қызметі:
- Құрметті «Атырау» жанкүйерлері, мен мәлімдеме жасағым келеді. Қолдау көрсеткен директорларыма, командаластарыма, жанкүйерлеріме және қалаға рахмет! Мен ешқайда кетпеймін. «Атырау», мен сіздермен соңына дейін бірге боламын! Алға, «Атырау»! - деді футболшы.
Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Филипович «мұнайшылар» үшін 15 ойын өткізіп, 9 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET