Жарнама
Жарнама

Англия алпауыттарының тәлімгері ҚПЛ клубының бапкерлер штабына қосылды

Бүгін, 12:30

"Ақтөбе" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sports24.kz мәліметінше, Ақтөбеліктердің жаттығу процесіне әлемге әйгілі маман, допты ауттан тастаудың хас шебері — Томас Грённемарк қосылды.

Гиннес рекордының иегері "Ақтөбеде” не істеп жүр?

50 жастағы Даниялық маман “Қызыл-Ақтардың” бапкерлер штабына көмектесу үшін бір аптаға арнайы шақырту алған. Оның басты міндеті — футболшыларға допты ауттан ойынға қосу арқылы қауіпті шабуыл ұйымдастырудың қыр-сырын үйрету.

Бұл жаттығу сәттері түсірілген бейнежазба "Территория красно-белых" жанкүйерлер қауымдастығында жарияланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Бобслейден футболға дейін: Грённемарк кім?

Томас Грённемарктың есімі әлемдік футболда жақсы таныс. Ол бұған дейін Англияның "Ливерпуль" және "Арсенал” ұжымдарымен тығыз жұмыс істеп, олардың ауттан кейінгі ойын тиімділігін арттырған.

Грённемарк — допты ең алысқа лақтыру бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген рекордшы.

Қызығы, ол кәсіби деңгейде бобслеймен де айналысқан, алайда оның таланты футбол әлемінде көбірек сұранысқа ие болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров